Елбасы заңнаманы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» ҚР заңына сәйкес келтіруге бағытталған заңға қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев заңнаманы «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келтіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.