sp;ОРАЛ. Қарашаның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елмен тікелей тілдесу барысында зейнетақы мәселесіне байланысты да нақты жауап берді. Бұл туралы Орал қаласында тұратын еңбек ардагері Ғилаж Наурзин мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, Президент зейнетақының алдағы жылдың басынан 25 пайызға өсетінін, мұның одан кейін де жалғасатынын атап айтты. Яғни бұл тұрғыда мемлекет өз уәдесін орындай бермек. Сонымен бірге Елбасы егер мүмкіндік табылса, бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіруді де келесі жылдың шілдесінен емес, одан бұрынырақ қарастыруға болатынын жеткізді. Мұның бәрі - мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қамқорлық. Елбасы атап өткеніндей, Литва сынды елдер зейнетақыға дейін қысқартып жатқанда, Қазақстанда осындай жағдайдың сақталуы - экономиканы тұрақтандыру бағытында дағдарысқа қарсы шаралардың ойдағыдай жүзеге асырылып отырғанының дәлелі. Ең бастысы, ел бірлігі, ұлт тұтастығы сақталса, бәріне де қол жеткізуге болады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).