Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 және «Республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтары туралы ережені бекіту туралы» 2013 жылғы 24 маусымдағы № 587 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.