Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.
12:52, 06 Шілде 2013
Елбасы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге бағытталған ҚР Заңына қол қойды
АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге және оларды пайдалану бойынша жобаларға қолдау білдіруге бағытталған «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.