18:01, 21 Мамыр 2009
Елбасы Жарлығымен Әсет Исекешев ҚР Индустрия және сауда министрі қызметіне тағайындалды
АСТАНА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әсет Орынтайұлы Исекешев Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі қызметіне тағайындалды және Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.