Елбасы Жарлығымен Ғ. Әбдірахымов ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.