Елбасы Жарлығымен Ө.Шөкеев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды
19:00, 26 Желтоқсан 2011
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.