Елбасы Жарлықтарымен ҚР-ның Сауд Арабиясындағы және Египеттегі жаңа елшілері тағайындалды

None
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назщарбаевтың Жарлықтарымен Қазақстан Республиквасының бірқатар елшілері тағайындалды.

ҚР Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды;

Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.