Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Ақороданың Facebook-гі парақшасында жазды.
«Нұрсұлтан Назарбаев батысқазақстандық В.Харлашинаға шығармашылыққа арналған «Doh Vinci» жиынтығы мен жас суретшілер энциклопедиясын сыйлады, ал Солтүстік Қазақстан облысындағы отбасылық үлгідегі интернат үйінің тәрбиеленушілеріне музыкалық орталық пен қазақ жазушылары кітаптарының жинағын тарту етті»,- деп атап өткен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы.