Бұл туралы бүгін Ақордада барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өтіп жатқан кеңейтілген мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Жауапты хатшылар өңірлерде жұмыс істеу тәжірибесіне ие әрі мемлекеттік тілді меңгерген болуы керек. Сонымен қатар олар өздері жұмыс істейтін саланы білулері қажет»,-деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ аудан және қала әкімдерінің облыстық, орталық мемлекеттік органдарда жұмыс өтілі болуы қажеттігін баса айтқан ҚР Президенті: «Біздерде әлі жарты жыл уақыт бар»,- деді.
Сондай-ақ, өз сөзінде мансап жолында сатылап көтерілу керектігін бірнеше мәрте ескерткенін баса айтқан Елбасы: «Жаңа әкім, жаңа министр келіп, барлығын сапырылыстырып өзгертеді. Содан кейін жаңа адамдар келеді. Ертең сайлау болғанда басқа басшы келіп, содан кейін тағы да өзгерістер болады. Дүниежүзінде мұндай тәртіп жоқ. Аппарат жұмыс істеуі керек. Сайлау мен саясатпен шұғылданатындар отыруы қажет. Сонда ғана тұрақтылық болады»,-деді.