Елбасы Жеңістің 71 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеуге келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Мәскеу қаласына келді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, сапар аясында Мемлекет басшысының Ресей Президенті В.Путинмен кездесуі жоспарланған.