Қазақстан Президенті Ачех провинциясындағы жер сілкінісі туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына және достас Индонезияның барша халқына көңіл айтты, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.