Елбасы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңға қол қойды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.