Елбасы Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы Жарлыққа қол қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. ҚазАқпарат осы құжаттың толық мәтінін жариялайды

.***

Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ережені бекіту туралы

«Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Жергілікті жер комендатурасының қызметі туралы үлгі ереже бекітілсін.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 23 мамыр

№ 821