деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиынға аудандағы мемлекеттік құрылымдардың басшылары мен кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, аудан тұрғындары қатысты. Аудан әкімі Зәуреш Аманжолованың айтуынша, Елбасының кезекті Жолдауы жеткен жетістіктерімізді ой өрісінен өткізіп, болашақты айқындауға, алдымызға қойған міндеттерді іске асыруға бағытталып отыр. «Елбасы Жолдауда дағдарысқа қарсы қолданылған іс-шараларды көрсетіп, халықтың жағдайын жақсартудың жолын айқындап берді», деді аудан әкімі.
Оның айтуынша, аудан Жолдауда көрсетілген міндеттер үдесінен шығуға дайын. «Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы-2010» бағдарламасы аясында аудан бойынша 8 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін 3 миллиард 88 миллион 112 мың теңге бөлінді. Бұнымен қатар 500-ге жуық адам әлеуметтік жұмыспен, жастар тәжірибесі бойынша 300 жоғары оқу орнын бітіруші қамтылады.Сондай-ақ 623 миллион теңгеге 3 мектеп, 251 миллион теңгеге 6 денсаулық сақтау орындары жөндеуден өтеді. Елбасы тапсырмасына сәйкес 4 отбасылық балабақша ашылып, жекеменшікке өтіп кеткен 3 балабақша ғимаратын мемлекетке қайтару көзделіп отыр. Бұған қоса 5 мектепте мектепке дейінгі дайындық топтарын ұйымдастыру көзделіп отыр», дейді З.Аманжолова.
Жиналыс барысында Елбасы Жолдауы аудан тұрғындары тарапынан қызу қолдау тапты. «Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру бүкілхалықтық қолдауға ие болуы тиіс», дейді жиналысқа қатысқандар.