Елбасы Жолдауы Орал қаласында орналасқан әскери бөлімдерде де түсіндірілуде

Фото: None
ОРАЛ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Елбасы Жолдауы Орал қаласында орналасқан әскери бөлімдерде де түсіндірілуде.

Ішкі әскерлердің Батыс құрамасының баспасөз хатшысы, майор Ерболат Сұлтановтың хабарлағанындай, 5515-әскери бөлімнің мәжіліс залында Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет подполковнигі Тұралы Бәкіровтың төрағалық етуімен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын насихаттау мақсатында Орал гарнизоны жауынгерлерімен дөңгелек үстел отырысы болып өтті.

Бұл айтулы жиынға Батыс құрамасының командирі, полковник Қ.Ақтанов, БҚО қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және әлеуметтіқ-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, капитан С. Рамазанов, 5517-әскери бөлім командирі, майор М.Құрмантаев, Батыс құрама командирінің тәрбие және әлеуметтіқ-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Қ.Беляков, 2029-әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтіқ-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, майор М. Бахиев, 22794-әскери бөлім командирінің орынбасары, майор К.Ғайтпаев және Орал гарнизонының жеке құрамы қатысты.

Жиынды Тұралы Бәкіров ашып, Жолдаудың басты бағыттарын баяндап өтті.

Бұдан кейін баяндама жасаған Қанат Беляков «Қазақстан-2050» стратегиясында белгіленген айқын бағдарлар сапалы серпіліс жасап, Қазақстан өміріндегі таяу онжылдықтардағы міндеттер мен қағидаларды анықтауға мүмкіндік бергенін айта келе, идеологиялық сала қызметкерлерінің бүгінгі міндеті Жолдау басымдықтарын түсіндіру арқылы барша қазақстандықтарды Елбасы қойған биік мақсаттарға қол жеткізуге жұмылдыру екендігін жеткізді.

Кездесу барысында сөз алған С. Рамазанов, М. Бахиевтер де Президент Жолдауын бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.