Жұмыс тобының мүшелері барлық жеті ауданда кәсіпорын қызметкерлерімен, ұйымдар мен білім беру ошақтарында кездесулер өткізеді.
Жұмыс тобында 19 адам бар. Олардың қатарында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жұмабек Төрегелдинов, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Нұрлан Алдабергенов, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Мейірбек Молдабеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров және басқа лауазымды тұлғалар бар.