деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сөз арасында Қасым-Жомарт Тоқаев осы айда Сенат депутаттары биылғы жылғы Елбасы Жоладуының негізгі қағидаттарын жан-жақты түсіндіру мақсатында өңірлерге сапармен барып келгенін айтып, онда депутаттардың жергілікті халықпен кездескенін, Парламент пен «Нұр Отан» ХДП-ның экономиканы дамытуға бағытталған мақсат-міндеттері туралы толыққанды ақпарат бергенін атап өтті.
«Палата депутаттары аймақтардың дамуын және қазақстандықтардың тұрмысын одан әрі жақсарту үшін өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен тікелей танысты. Кездесулерде қоғамды толғандыратын көкейкесті сауалдарға жауап беріліп, талап-тілектер тыңдалды. Кең байтақ еліміздің шалғай өңірлерінде де, өндіріс орындарында да Елбасы Жолдауына толық қолдау көрсетілуде. Отандастарымыз Президентке кәміл сенетінін, қолға алған стратегиялық бағдарламалардың орындалуына сенімділікпен қарайтынын айтып жатыр. Ең бастысы, өткізілген кездесулерден кейін жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру үшін әрбір қазақстандық аянбай еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосуға дайын екеніне толық көз жеткіздік. Осы маңызды міндеттерді заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету біздің алда тұрған басты мақсатымыз. Сондықтан жолдауда көрсетілген заң жобаларын уақтылы қарап, оны сапалы түрде қабылдау керек», деген Палата Төрағасы Қ. Тоқаев өз әріптестерін осындай міндетті жүзеге асыруда жемісті еңбек етуге шақырды.