деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенатор Президенттің өз Жолдауында елімізде Ғылым туралы жаңа заңның қажет екендігін айтқанына тоқталып өтті. Бұл үлкен мәселе. Сонымен қатар, Елбасы өндіріс саласын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. «Біз алғашқы онжылдықта мұнайға сүйеніп келдік. Мемлекеттің қалыптасуында ол үлкен рөл атқарды. Ал осы жолғы Жолдауда Президент шикізаттық емес саланы дамытуға күш салу қажеттігін айтып отыр. Ал шикізаттық емес сала халықтың әрбір мүшесі қатысып, үлес қоса алатын сала. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарға артылар үміт зор», деді сенатор.