деп хабарлайды ҚазАқпарат.
О. Дымов Қазақстанның ұлтаралық келісім саласындағы жетістіктері әлемдік деңгейде жоғары бағаланып, халықаралық ұйымдардың оң көзқарасына ие болып отырғандығын айта келе, «Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы болып сайлануы - халықтың өзгені сыйлау, төзімділік сияқты ерекше қасиетінің арқасы» екендігін атап өтті.
«Соңғы он жылда көптеген реформаларды бастадық, оның сәтті орындалуына қол жеткіздік. Енді алдымызда болатын он жылдық мәселелері мен міндеттері анықталды. Алғашқы бастама бізді жігерлендіреді. Бүгінгі айтылған міндеттер шынында ауқымды көрінеді. Біз барлық ынта-жігерімізді осыған бағыттағанда ғана бұл міндеттер орындалады», дейді депутат.
Бір-екі аптаның ішінде халық қалаулыларының аймақтарға, жергілікті жерлерге сапары басталып, халықпен жүздесетін болады. Ассамблея мүшесі, депутат ретінде Олег Дымов Президент Жолдауында жүктеген міндеттерді әрбір тұрғынға жеткізу өзінің міндеті екендігін айтты.