Елбасы жұмыс сапарымен Мәскеуге барды
14:16, 28 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сапар барысында Қазақстан Президентінің М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбында дәріс оқуы жоспарланған.
Сейсенбіде Н. Назарбаев Минскіде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады.