Елбасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді

None
АВЛОДАР. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Павлодар облысына келді.

Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы бүгін Қазақстан электролиз зауытының екінші кезегін іске қосу салтанатына қатысады.

Ал ертең Президент Павлодар қаласында ішкі істер органдарының, денсаулық сақтау және білім беру саласының өкілдерімен кездеседі.

Сондай-ақ, Павлодар қаласындағы № 29-шы балабақшасына барады.