Елбасы жұмыс сапарымен Жезқазған қаласына келді
12:52, 22 Тамыз 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының Жезқазған қаласына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Сапар аясында Мемлекет басшысының «Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа теміржол желілерінің ашылу салтанатына қатысуы жоспарланған.