Елбасыға тікелей желі арқылы жұрт тарапынан жолданып жатқан сауалдар күннен күнге артуда

sp;АСТАНА. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ертең ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «тікелей желіде» халықпен тілдесуі өтеді.

Соған орай Елбасыға жұрт тарапынан жолданып жатқан сауалдар күннен күнге артуда.

Әзірше жоғары белсенділікті Астана (3 700) және Алматы (2 400) қалаларының тұрғындары көрсетуде. Содан кейін Оңтүстік Қазақстан (2 200) облысы мен Алматы облыстары (2 100) келеді. Call-орталық қызметі Әзірбайжан, Украина, Армения, Қытай, Моңғолия сияқты жақын шет елдерден қоңыраулар арқылы сұрақтарды қабылдап жатыр.  Сауалдардың статистикасы көрсетіп отырғандай, қазақстандықтарды халықты әлеуметтік қорғау және тұрғын үй мәселелері көп алаңдатады екен. Бұл мәселелер бойынша тиісінше 4 900 және 4 100 сауал келген. Қазіргі уақытта Call-орталыққа арқылы жолданған сұрақтар - 13 700. Бұл оның негізгі байланыс құралы болып отырғандығын көрсетеді. «Тікелей желі» сайтын 8 700 пайдаланушы қолданды. Сонымен қатар «тікелей желі» арқылы 3 200 SMS сұрақ келсе, бейнесұрақтардың саны - 24.

Айта кетейік, ертең қарашаның 13-і күні ең таңдаулы және жиі жолданатын сауалдарға Елбасы Н.Назарбаев «Хабар», «Қазақстан», «Астана» телеканалдары және «Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана», «Хабар» радиолары арқылы тікелей эфирде жауап қайтаратын болады.

Сұрақтарды www.line.gov.kz  сайты немесе 8 (7172) 555-777 нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы жолдай аласыз. Сонымен қатар SMS орталыққа 1111 нөміріне хат жіберуге болады.