«Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдерді көктемнің осынау шуақты мейрамымен құттықтауы көңілге қуаныш сыйлайды. Қазіргі уақытта еліміздің гендерлік саясаты жоғары деңгейде әрі біз әлемдік қоғамдастықта жоғары ұстанымдамыз. Бүгінгі кездесуге қатысқан әйелдер өздерінің болашаққа жоспарлаған іс-шараларын жүзеге асыру үшін зор қуат алып қайтты деп нық сеніммен айта аламын», - деді ол. Сонымен қатар ол Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан барша қазақстандық әйелдерді халықаралық мейраммен құттықтады.
15:27, 07 Наурыз 2014
Елбасымен кездесу әйелдерді шабыттандыра түседі - депутат З.Саяпова
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасымен кездесу әйелдерді шабыттандыра түседі. Бүгін Ақордада Халықаралық әйелдер күніне орай Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуіне қатысқан Мәжіліс депутаты Зухра Саяпова осындай пікір білдірді.