Елбасы кітапханасы таратқан ақпаратқа сәйкес, жас дарын «Махамбет», «Абай толғауы», «Есдәулет», «Сұлутөр», «Қосбасар», «Қордай», «Жауынгер», «Есдәулет» іспетті 20-ға жуық күйдің авторы. 9 сынып оқушысы талай республикалық байқаулардың жүлдегері атанған.
Елбасына арналған жаңа туындының тұсаукесеріне жас өнерпаздар Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 9 және 5 сынып оқушылары Ғаламат пен Нұрәлі Бейсеқожаевтар, Ғ.Орманов атындағы мектеп-гимназияның оқушылары мен ұстаздары, колледж студенттері және Елбасы кітапханасының қызметкерлері қатысады.
Кездесу барысында ағайынды Бейсеқожаевтармен сұхбат өтеді және музыкалық қойылымдар жоспарланған.