Түскен сауалдардың 21-і - Қазақстанның ғарыш саласының ағымдағы жағдайына қатысты болды. Азаматтарды ең алдымен: кезекті қазақстандық ғарышкердің халықаралық ғарыш стансысына сапары, «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей кешенінің құрылыс барысы, кезекті «Қазсат» жерсерігін ұшыру, «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамыту, елдегі экологиялық ахуал, Қазақстанның ғарыш саласындағы отандық ғылымды дамыту, т.б. мәселелер толғандырды.
Дерек көзден мәлім болғандай, келіп түскен сауалдардың барлық жауаптары Елбасының ресми сайтында жарияланады.