Елбасына жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктер үшін алғыс айтамын - Динара Сәдуақасова
"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Ең алдымен Сізге, сүйікті спортпен айналысуға, кәсіби өркендеуге және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге берілген мүмкіндіктеріңізге үлкен алғысымды білдіргім келеді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалаңызға қатысты, біздің еліміздің дамуы мен оны әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына қосуға бағытталған Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдайтындығымды атап өткім келеді.
Елдің және ұлттың рухани дамуы - барлығымыздың алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі. Жеке адамдардың емес, барлық халықтың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату арқылы айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізуге болады, сондай-ақ, бұл бағытта да ауқымды жұмыс атқарылуда. Ынта, табандылық және мақсатқа талпынушылық білдірген әр адам жоғары жетістіктерге жете алады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта жоспарланған барлық жұмыстар ойдағыдай іске асырылатынына сенімдімін", - деп жазған спортшы.