Елбасының 5 институционалды реформалары - алдағы жылдардағы басты мақсат - қала тұрғыны

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының 5 институционалды реформалары алдағы жылдардағы басты мақсат. Бұл пікірді бүгін Астанадағы «Қазақ Елі» алаңында өтіп жатқан Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiне арналған шарада қала тұрғыны Жаңыл Қуандықова білдірді.

«Мен барлық қазақстандықтарды 1 мамыр Қазақстан халықтары бірлігі күнімен құттықтаймын. Елімізде тұрақтаған бейбітшілік пен келісімді сақтай білейік. Бұл біздің басты құндылығымыз», - деді ол.

Сонымен қатар қала тұрғыны Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен өткен кезектен тыс Президент сайлауында азаматтарымыздың ұйымшылдықпен Н.Назарбаевқа дауыс беріп, оның жүргізіп отырған саясатына қолдау білдіргенін атап өтті.

«Елбасы ұлықтау рәсімінде Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құрылатын атап өтті. Мұнан бөлек, 5 институционалды реформалардың жүзеге асырылатындығын айтты. Бұл реформалар алдағы жылдар ішіндегі ең басты мақсат-міндет болмақ», - деді Жаңыл Қуандықова.