«Меніңше, Елбасы бізге жүзеге асыруды ұсынып отырған реформа бүгінгі күні туындап отырған түрлі сын-қатерлерге лайықты әрі табанды жауап болмақ. Бұл реформаларды жүзеге асырудың қазірдің өзінде нақты жоспарының болуы қуантады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия құру жөніндегі бастамасы аталған бағыттағы өте маңызды қадам болмақ.
«Дәл осы комиссия Мемлекет басшысы атап өткен реформаларды енгізуде маңызды тетік болады деп ойлаймын. Жалпы, біздің Президенттің ұлықтау рәсімінде айтқан сөзі әрбір қазақстандықтың жүрек төрінен орын алды», - деді Г.Кенжебалина.