Видео «ҚР Президентінің АҚШ-қа ресми сапары: кездесулер мен келіссөздер хронологиясы» деген атаумен шыққан. Онда Елбасының АҚШ-та өткізген кездесулер мен келіссөздерінен үзінділер таспаланған.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті 16-18 қаңтарда Америка Құрама Штаттарына ресми сапармен барды. Онда Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездесті. Сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесу өткізді. Нәтижесінде құны 7 миллиард теңгені құрайтын 20-дан астам келісімге қол қойылды.
Мемлекет басшысы сапар аясында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты.