"Елбасының әр Жолдауы үлкен бір тарихи оқиға. Бүгінгі Жолдауында бірінші - еліміздің 20 жыл бойы өткен табыстарын саралап берді. Екіншіден, алдымызда тұрған үлкен міндеттерді, еліміздің ішіндегі және сыртқы саясат жөніндегі бағдар-бағыттардың бәрін анықтап айтып берді", - дейді экономика ғылымының докторы Көпжасар Нәрібаев.
Қазақтың Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті ректоры кеңесшісінің айтуынша, елімізде білім беру жүйесін дамытуда көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Өйткені еліміздің дамуы білім сапасына байланысты. Алдағы уақытта бірқатар оқу орындарына ғылыми- зерттеу университеті мәртебесі берілмек. Бұл олардың ғылыми әлеуетін көтеріп, шетелдегі классикалық университеттердің деңгейіне дейін көтереді.
"Білім мен ғылым егіз нәрсе. Білім жүйесін үздіксіз жаңартып отыру керек. ҚазҰПУ-дың ғылыми-зертеу универсиеті дәрежесін иеленуден үміті зор. Өйткені оның ғылыми әлеуеті мол. Мұнда бірқатар ғылыми мектептер қалыптасқан. Әсіресе әлеуметтік, педагогикалық, психология ғылымдары мен жаңадан қосылған өзге де ғылыми зерттеу бағыттары бар. Басқа жерде көтерілмеген, зерттелмеген мәселелерді көтеріп, жаңадан құрылып жатқан құрылымдар да бар", - дейді академик Көпжасар Нәрібаев.