Бұл туралы бүгін Ақордада еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен өткен ҚР Президенті жанындағы азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды.
Алқалы жиынды ашқан Қ.Саудабаев ТМД мен таяу және алыс шет елдерден Қазақстан азаматтығын алу үшін тиісінше органдарға өтініштердің молынан түскендігін айта келе: «Менің ойымша, бұл осы жылдардың ішінде Қазақстанның экономикалық қуатты, демократиялы елге айналғандығын дәлелдейді. Тағы бір дәлел, тәуелсіздік жылдары біздің еліміздің азаматтығын әлемнің әртүрлі елдерінен шамамен 1 миллон адам алды», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.
Ағымдағы жылғы қорытынды жиында Қазақстан азаматтығын алғысы келгендердің тізімі бекітілді. Енді Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін ТМД мен алыс шетелдерден келген 700-ден аса адам Қазақстан Республикасының азаматтығын алады.