Хатта жақында Бакуде Қазақстанның кино күндері өткені атап өтілгені жазылған, деп жазды «Егемен Қазақстан» газеті 2012 жылдың 17 сәуірінде жариялаған «Қазақ бауырларына ризашылық білдіреді» атты мақаласында.
«Балалық шағымның аспаны» фильмі көрермендердің ерекше ықыласын тудырған. Достық қоғамы басшыларының пікірлерінше, Мемлекет басшысының өмірбаяны арқылы фильмде аға ұрпаққа, ата-аналарға құрмет көрсету, досының өмірі үшін жан қиюға дайын тұру, ержүректілік пен намыс сияқты қасиеттер сәтті көрсетілген.
«Сталиндік қуғын-сүргіннен бұрынғы КСРО-ның барлық халықтары, соның ішінде, Әзербайжан да зардап шекті. Қазақ халқының бауырлас, риясыз қолдауынсыз жерлестеріміз екінші Отандары - Қазақстанда өз өмірлерін сақтап қала алмас та, қалпына келе алмас та еді. Осыны біз бүгінде толық жауапкершілікпен мәлімдейміз. Қазақстанда тұрып жатқан әзербайжандықтардың үшінші буыны Сіздің барлық бастамаларыңыз бен жасампаздық еңбегіңізді әрдайым қолдап келді және қолдай береді», - деп жазады «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамының өкілдері.
Хатқа «Әзербайжан-Қазақстан» достық қоғамының президенті Эльдар Гюнайдын, Әзербайжанның халық жазушысы Чингиз Абдуллаев, Көркемөнер академиясының ректоры Омар Эльдаров, Әзербайжан Мұнай академиясының ректоры Сиявуш Гараев, Әзербайжан халық әртісі Октай Миркасимов қол қойған.