«Қымбатты достар!
Біздің посттарымыздың түсініктемелерінде пайдаланушылар Мемлекет басшысының атына хатты қалай жолдауға болатыны туралы сұрақты жиі қойып отырады. Осыған байланысты, «Президентке хат» опциясының akorda.kz сайтының бас бетінде бар екенін хабарлап отырмыз.
Сондай-ақ аталған қызметтің egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылатынын еске саламыз, сондықтан электрондық цифрлық қолтаңбаның болуы міндетті», - делінген жазбада.