Атап айтқанда, Ақорда баспасөз қызметінің Фейсбуктегі парақшасында орналастырған сілтемелер арқылы Елбасының бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін өткізген баспасөз мәслихатын көруге болады.
«ҚазАқпарат» ХАА бұдан бұрын хабарлағандай , кеше тілшілер қауымымен өткен кездесуде Елбасы бүгінде Қазақстан халқын толғандырып отырған көптеген өзекті сұрақтарға жауып берді. Бұл тұғыда теңге бағамы, мектеп оқулығы, ЭКСПО-2017 көрмесіне жұмсалған қаржының ақталуы, жаңа әліпби жайында және басқа да маңызды мәселелер төңірегінде сөз қозғады.