Бүгін «Нұр Отан»ХДП Алматы қалалық филиалында осы туындының таныстырылымы болды.
Аталған кітаптың авторы - Мемлекет басшысының сыныптасы Сәдуақас Есімбай. Шығарма Елбасының туған жер, өскен ортасы, өмір жолы жайында сыр шертеді. Сондай-ақ Жетісудың тарихи адамдарының өмірлері туралы да баяндалған. «Елбасымен бірінші сыныптан бастап, он жыл бойы жұбымыз жазылмай бірге оқыдық. Оның балалық шағы түгелдей көз алдымда. Сондықтан кейінгі ұрпақ біле жүрсін деп көз алдымдағы көріністің барлығын кітап бетіне түсірдім», - дейді автор.
Естеріңізге сала кетейік, С.Есімбай 2000 жылы «Балалық шаққа саяхат» атты фотоальбом шығарған еді. Онда ҚР Президентінің туып-өскен жері Шамалған өңірінің табиғаты, тарихи орындары көрініс тапқан болатын.