«Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы бастау алады. Акция шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев қоры және «Дегдар» қайырымдылық қоры азық-түлік және бірінші қажеттіліктегі тауарлар түрінде мұқтаж қазақстандықтарға көмек көрсетеді», - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де.
Еске салайық, өткен жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен пандемия жағдайында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау үшін «Birgemiz» қоры құрылған болатын. Осыған орай Елбасы үндеу жолдаған еді.