деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуге экономист, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің құрметті төрағасы Дәулет Сембаев қатысты. Белгілі қаржыгер кездесуде Қазақстанның тәуелсіздік алу кезеңіндегі экономикасы, жүзеге асырылған реформалар, жаңа экономикалық қатынастар, банк секторын құру, теңгенің пайда болуы, Елбасының осы кезеңдегі жұмысы туралы естеліктерімен бөлісті. «Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында инфлация өте жоғары, мекемелердегі жұмыстар тоқырап, жұмыссыздық жайлаған кезең болды. Осы кезде 15,5 миллион адамның тағдырын өз мойнына алып, жаңа мемлекет құрған Елбасының еңбегі үлкен ерлік», деді өз сөзінде Д.Сембаев. Кездесуде белгілі қаржыгер студенттердің сұрақтарына жауап беріп, қазіргі қаржы жүйесі, Кедендік одақ мәселелері бойынша пікірін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен әлеуметтік-экономикалық дамуындағы Н.Назарбаевтың рөлін баяндауға бағытталған дәрістер, кездесулер ұйымдастырып келеді. Бүгінгі кездесу сол шараның жалғасы ретінде өткізілді.