- Рас, бізде кез келген салада басы артық құрылымдар көп. Солардың көбі нақты ешқандай тірлікпен айналысып жатқан жоқ.
Былайша айтқанда, «дайын асқа - тік қасық» болып отырған «арамтамақ». Елбасы дұрыс айтады, бір бөлмеде он адам отырса, соның екеуі тырмысып жұмыс істейді де, қалған сегізі сол екеуінің арқасында күн көреді. Бұлай болуға тиіс емес. Жұмыс орнында тек білікті мамандар отырғаны жөн.
Осының бәрін таразыға салған Президент дұрыс қадам жасады. Басы артық дүниені қысқарта отырып, қаншама қаржыны үнемдеуге, тек кәсіпқой мамандарды қалдыра отырып, жұмыс қарқынын арттыруға болатынын көрсетті.
Бұл реформа көп ұзамай өзінің жемісін береді деп ойлаймын, - дейді саясаттанушы өз сөзінде.