«Елбасының бұл жолғы үндеуі классикалық сипаттан тыс болды. Оның бағдарламалық қыры болған жоқ. Саяси немесе экономикалық тұрғыда ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл – қазақстандықтардың жүрегіне жеткізе айтылған үндеу. Мен ол мақаладан жаһан алдындағы жаңа қауіптердің алдында ұлт бірлігіне шақырған эмоциялық сарынды байқадым. Бұл отыз жыл бойы иықтаса тәуелсіз мемлекетті бірге құрған, өз халқы үшін уайым жеген адамның үндеуі», - деді Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында.
Министрдің айтуынша, Елбасы осы қиындықтардың бәрін жеңуде қазақстандықтардың басты құндылықтарын атап берген.
«Ол – бірлік, ынтымақ», - деді Дәурен Абаев.