Автор өлеңіне Елбасының БҰҰ Бас ассамблеясы мінберінде мемлекеттік тілде сөйлегенін арқау еткен. Ол әлем елдері бас қосқан алқалы жиында Нұрсұлтан Назарбаевтың аса маңызды ұсыныстары мен ой-тұжырымдарын қазақ тілінде жариялап, халқымыздың мәртебесін биіктеткеніне сүйсінеді. Сондай-ақ ақын Қазақстан Президентінің осы арқылы барша қазақстандықтарға үлгі-өнеге көрсеткенін айтқан. «Ана тілдің жетпесек қадіріне, Қазақ болып қайтеміз күн кешіріп», - деп толғанған А.Мұқибек осылайша Мемлекет басшысының қазақ тіліне деген айрықша құрметін айшықтаған.
12:35, 06 Қазан 2015
Елбасының БҰҰ Бас ассамблеясы мінберінде сөз сөйлеуіне орай ақын Ауыт Мұқибек өлеңін арнады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына ақын Ауыт Мұқибек «Сен қазақша сөйледің...» деген арнау өлеңін жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.