Олар алып жатқан білімнің қажеттілігіне қатысты айтылған ойлар «болашақтықтардың» көңілінен шығып отыр.
Лондон Университеттік колледжі экономика факультетінің бірінші курс студенті Дана Ысқақованың айтуынша, Елбасының дәрісінде сөз болған энергия үнемдеу мәселесі оның ықыласын аударып отыр. Дана энергияның балама көздерін зерттеумен айналысады және бұл саланың келешегі кемел ғылыми бағыт екендігіне сенімді.
«Маған сондай-ақ, Елбасының жастарға білдірген қолдауы мен зияткерлік революция идеясы ұнады. Біздер, Қазақстан жастары осынау идеяларды жүзеге асыруға өз үлесімізді қосуға тырысатын боламыз», - дейді Д.Ысқақова.
Ал UCL экономика факультетінің студенті Ерік Қарабаев, бәсекеге қабілетті экономиканы дамытудың бірден-бір кілті - инновация екендігі туралы пікірмен келісіп отыр. Оның пікірінше, Қазақстан ықпалдасу және жаңа идеялар мен технологияларды жүзеге асыру бойынша әлем орталықтарының бірі бола алады.
Студенттің пікірінше, қазіргі қабылданып жатқан қадамдар маңызды, себебі жастар мен олардың білімі біздің мемлекетіміздің болашағын қалыптастырудағы басты фактор болмақ.