Елбасының дәстүрлі Жолдауын 1996 жылдан бері үзбей тыңдап келе жатырмын - ҚазҰАУ профессоры

АЛМАТЫ. 27 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -  "ҚР Президенті биылғы жылғы  халыққа Жолдауында елдің алдында тұрған мақсат-міндеттерді  барлық сандар мен дәлелдерді келтіре отырып айтып шықты.

  Бұл сөздердің бәрі  Нұрсұлан Әбішұлының өз  жүрегінен шығып, үлкен толғаныстан туғанына айғақ бола алады». Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, ауыл шаруышылығы ғылымының докторы Амангелді Апушев Елбасының Парламенттің бірлескен отырысында жарияланған Елбасының Жолдауынан кейінгі әсерімен бөлісу кезінде осылай  айтты.

«Бұл Жолдау ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын жаңа  бір  жоғары деңгейге көтеруге бағытталып отыр.  Осы межені Н. Әбішұлы мақсат-міндеттерге жету  жолдарының 10 басым бағытында жан-жақты айтып өтті. Мен ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауын  1996 жылдан бері үзбей тыңдап келе жатырмын. Бұл жолы  Нұрсұлтан  Назарбаев  оны  қағазға қарамастан айтып шыққаны мені қатты қайран қалдырды», - дейді Амангелді Қайырбекұлы. Ғалымның пайымдауынша, онда міндеттердің бәрі айқындалып, халыққа жақ-жақты түсіндірілді. Үкіметке жүктелген тапсырмалар түгелдей орындалатын болса, ол елімізді дамудың жаңа сатысына көтеруге жол ашарына барлық мүмкіндік бар.