Елбасының ғылыммен айналысуға үндеуін студент жастар үлкен жауапкершілікпен қабылдады - студент пікірі

АСТАНА. Қазанның 13-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Біз Елбасы Н.Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған дәрісі барысында республика жастарына қаратып айтқан үндеулерін үлкен жауапкершілікпен қабылдадық.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің бұл ортақ ойын журналистерге оқу орнының ІІІ курс студенті Альбина Файружанова білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Дәріс барысында мемлекетке қатысты мәселелер мен проблемалар сөз етілді. Президент жалпы республика жастарын толғандыратын түйткілдерді де назардан тыс қалдырмады. Мемлекет басшының «зияткер ұлт» сөзінде білім және ғылыми тұрғыда дамыған, дені сау, азаматтық және саяси мәселелерде сауатты жастарды айтып отырғанын түсіндік»,  деді ол.

 А.Файружанова сондай-ақ қазіргі қаржылық дағдарыс кезінде студенттерге қосымша бөлінген 11 мың грант үшін Елбасына айтар алғыстары шексіз екенін жеткізді. «Біз мемлекеттің дамуы ғылыми-инновациялық жаңа идеяларсыз мүмкін еместігін түсіне отырып, Президенттің жастарды ғылыммен айналысуға шақырған үндеуін үлкен жауапкершілікпен қабылдап отырмыз және сенімді ақтау үшін бар күш-жігерімізді саламыз деп айта аламын. Дәрісті тыңдаған әр студент осы сөзіме келісетініне кәміл сенімдімін»,  деді.