Елбасының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің Туиттердегі парақшасында хабарланды.

Еске салсақ, кеше ҚР Үкіметінде кадрлық өзгерістер болды. Министрлер кабинетін басқарған Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.