Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктер басшылары қатысатыны күтіледі.
Мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісі былтыр 9 ақпан күні өткен болатын. Онда еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, алдағы уақытта экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалды.