«Қазақстанда шығарылған тауарларды, өнімдерді сатып алу идеясын бүкіл қазақстандықтар қолдайды. Өйткені, бұл - өзіміздің елге, қоғамға салынған инвестиция. Әрбір адам елімізде шығарылған тауарларды сатып алатын болса, онда бұл кәсіпкерлікке, өндіріске қолдау деп ойлаймын», - деді Н.Сабильянов.
Сонымен қатар ол БАҚ өкілінің сауалына орай депутаттарда кәсіпкерлерді не болмаса дүкендерді, сауда орталықтарын тексеру құқығы жоқ екендігін атап өтті.
«Дегенмен де біз депутат ретінде халықтың ортасында боламыз. Дүкендерді сіздермен бірге аралап көруге дайынбыз. Өндіріс орындарына да барып, жағдайларын көрейік. Егер қандай да бір қиындықтар, кедергілер болса, олардың шешілуіне де атсалысамыз», - деді депутат.
Н.Сабильянов Қазақстан кәсіпкерлері энергия ресурсына және көптеген қосалқы бөлшектерге бағаның арзандауына байланысты өз кәсіпорындарын дамытуға баса назар аударғаны жөн екендігін ескерте келе: «Бәсекеге қабілетті тауар, өнім шығаратын болса бәріміз де аламыз», - деді.