Бұл туралы бүгін Алматыда өтьіп жатқан «Жасампаздық пен бейтітшілік жолында. ҚР Тұңғыш Президентінің халықаралық бастамалары» деп аталатын халықаралық ғылымиы-тәжірибелік конференцияда айтылды.
«Қазақстанның көпвекторлы бағытының авторы - ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының көптеген халықаралық бастамалары әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдап тапты. Қол жеткізген жетістіктер таңдап алған бұл жолдың дұрыстығын дәлелдеп отыр. Еліміз әлемдік өзекті мәселелерді шешуге белсенді түрде атсалысуда», - дейді ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Игорь Мусалимов. Оның айтуынша, қазір сыртқы саяси бағытта көп деңгейлі және көп жоспарлы саясатқа басымдық берілуде. Дамудың келешектегі бағытын айқындауда қол жеткізген жетістіктерге ғылыми-тәжірибелік талдау жасаудың маңызы өте зор.