Елбасының мәдениетке әсіресе театрға қаморлығы ерекше-Е.Обаев

АЛМАТЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Әлемдік тәжірибеге зер салып отырсақ, басқа елдермен салыстырғанда біздің Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының мәдениетке әсіресе театрға қаморлығы ерекше.

Бұл туралы кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың театр қайтаркерлерімен М.Лермонтов атындағы орыс драма театрында өткен кездесуінде М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, профессор Есмұхан Обаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Елбасының театр қайраткерлерімен жүздесуі М.Лермонтов атындағы орыс драма театры ғана емес, республикамыздың театрлары үшін айтулы күн. Елбасының театрларға қамқорлығы қашанда ерекше. Мәселен ТМД елдерінде көптеген театрлар жабылып жатқанда, тіпті көрші Түркіменстан театрды былай қойып, опера сынды салаларға мүлдем тыйым салған тұста, бізде жаңа өнер ордалары күн сайын ашылып жатты. Соны көрген көршілер бізге қызыға қарайтын. Нұрсұлтан Әбішұлындай қамқоршысы бар сендер бақыттысыңдар дейтін. Елбасының қамқорлығы арқасында Республикадағы көптеген театрлар күрделі жөндеуден өтті. Мысалы Абай атындағы опера және балет театры бүгінде сол қамқорлықтың арқасында жаңарып, жаңа салынғандай күйге келді. Елбасы әр сапарында барлық театрларды аралап, қойылымдарды тамашалап отырады. Елбасының сол қамқорлығын өнер ұжымдары айырықша бағалайды. Тәуелсіздік жылдары Астанада және 6 облыс орталығында барлығы 7 қазақ театры ашылды. Бір кездері қазақ театрын былай қойғанда, қазақ мектебін ашу мұң болған Орал, Көкшетеу, Қостанай сынды аймақтарда жаңа театрлардың ашылуы ұлт мәдениетінің дамуындағы ұлы оқиға деп бағалауымыз керек. Осының бәрі ел тәуелсіздігінің арқасы, сол тәуелсіздікте ел тізгінін берік ұстап, Қазақстанымызды әлемдік биікке бастап келе жатқан Елбасымыздың маңдай терінің арқасы екендігін ашық айту керек», - деді М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры.